
Орталығымызда «Где логика?» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға әртүрлі жас ерекшелігіндегі балалар қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын шара барысында қатысушылар логикалық ойлау, зейін және шығармашылық қабілеттерін қажет ететін сұрақтарға жауап берді.
Ойын барысында қарапайым логикалық сұрақтардан бастап күрделі жұмбақтарға дейінгі тапсырмалар берілді. Балалар тек дұрыс жауап табумен шектелмей, өз шешімдерін дәлелдеп, талқылауға қатысты. Әр кезеңде қатысушылар ойларын бөлісіп, әртүрлі стратегияларды қолданды, сыни тұрғыдан ойлауды жетілдірді.
Бұл іс-шара балалардың тек интеллектуалды қабілеттерін ғана емес, топпен жұмыс істеу, назар аудару және ақпаратты талдау машықтарын дамытуға мүмкіндік берді. Әр қатысушы өз күшін байқап, бірлесіп шешім іздеудің қызығын сезінді.


