Орталығымызда «Бақытты балалық шағым» тақырыбында көлеңке театры байқауы өтті. Байқауға қатысқан әр топ балалық шақ туралы өз түсініктерін сахналық қойылымдар арқылы көрерменге ұсынды.

Қатысушылар өз қойылымдарында балалықтың қуанышты әрі алаңсыз кезеңдерін, достық қарым-қатынасты, отбасы жылуын және есте қаларлық сәттерді бейнеледі. Көлеңке театры арқылы жасалған көріністер ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, балалар сахнада ән шырқап, би билеп, өз сезімдері мен ойларын жан-жақты жеткізе білді.

Әр топ қойылымға мұқият дайындалып, декорациялар мен кейіпкерлерді ойластырып, шығармашылық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктерін көрсетті. Қатысушылар рөлдерді бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, үйлесімді топтық жұмыс жасай алды.

Көрермендер әр қойылымды қызығушылықпен тамашалап, балалардың өнеріне жылы ықылас білдірді. Әр топтың жұмысы өзіндік мазмұнымен және орындау шеберлігімен ерекшеленді.

Қойылымдары ерекше әсер қалдырған 7 топ үздік деп танылып, арнайы марапаттарға ие болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner