Үйірме жұмыстары -  баланың шығармашылық қабілеттерін арттыратын басты жол.

Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – әрбір оқушыға  түбегейлі білім беру, дәстүрлі  мәдениеттің негіздерін үйрете отырып,  оларға  қолайлы жағдай жасау. «Балдаурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығында жүргізілетін  үйірмелердің міндетті бір саласы өскелең жас ұрпақтын  келешекте  бір  кәсіпті меңгеруіне бағытталады. Қазіргі өркениетке ұмтылған  қоғам  талабына сай еліміздің  дамыған  елдермен қатар  тұруы  және  ұлтымыздың болашағы үшін  зерделі, білімді,  өз бетімен  іс-әрекет ете  алатын, қоғамда  өз орны  болатын  шәкірттерді  дайындау  ұстаздың  міндеті. Осы  мақсаттарды жүзеге асыруда «Алтын оймақ», «Көшбасшылар клубы», «Хореография», «Вокал», «Юнный медик», «Массаж», «Мәнерлеп оқу», «Оригами», «Плитения», «Үстел-үсті тенисі», «Шахмат», «Гипс» «Жаса толқын» үйірмелері жұмыс істейді.

Үйірме  жұмыстарының  негізгі  мақсаты – өз  бетінше  дами  алатын  жеке  тұлғаның  белсенділігін  қалыптастыру,  оқушыларға  өз  бетінше  танымдық  іс- әрекет  әдістерімен  дағдыларын  меңгерту, ақыл  -ой  қабілетін  жетілдіру.

Үйірме жұмысының нәтижесінде  үйірмеге қатысатын оқушылар басқа оқушыларға қарағанда анағұрлым  толық мағлұматтарға  қанығып, шеберлігі  шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Альберх  Дюрер  айтқандай: «Сенің алдында  өнер  көп, соның  өзіңе  пайда  әкелетін  біреуін танда, оны  зертте,  қиындықтарына  бас  имей,  шыдамдылықпен  үйрен,  өзіңе  қуаныш  сезімін  алып  келетін  нәтижеге  қолың  жеткенше еңбектен». Осы  тұрғыдан  алғанда орталығымызға келген демалушы аз уақыт ішінде  бір  өнерді игеріп, оны  түсініп  және білімі  мен  шеберлігін  арттырады,  ой- санасының  дамуына  мүмкіндік  жасайды. Үйірмелерде оқушы  тек мұғалімнің үйретуімен шектелмей, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын  айтуға  дағдыланады. Осылайша  балалар әр түрлі шығармаларды зерттей  отырып, баға  берумен өз бойларында келешек  кәсіби ісіне  қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы  қасиеттерді қалыптастырады. 

Орталығымызда әр ауысым сайын  өтетін үйірмелерге қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттеріміздің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдіміз.

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner