Мағауия Хамзин атындағы мәдениет үйіне экскурсия 

 Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында біздің орталықтың жоғарғы тобыны Балқаш қаласындағы атақты қазақ күйшісі, Қазақ КСР-інің халық артисі Мағауия Хамзин атындағы мәдениет үйіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты – балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, мәдениет үйінің тарихымен таныстыру, сондай-ақ өнер саласында еңбек еткен тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру.

Экскурсия барысында балалар мәдениет үйінің құрылу тарихы, оның Балқаш қаласының мәдени өміріндегі орны туралы маңызды мәліметтер алды. Қызметкерлер балаларға Мағауия Хамзиннің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты әңгімеледі. Ол осы мәдениет үйінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, халық аспаптар оркестрін басқарған және көптеген дарынды музыканттарды тәрбиелеген. Балалар оның күйшілік өнері, домбырадағы шеберлігі және қазақ ұлттық өнеріне қосқан үлесі туралы үлкен ықыласпен тыңдады.

Сонымен қатар, тәрбиеленушілер өнердің әртүрлі түрлерімен танысты. Бұл экскурсия балалардың бойында жаңа білім мен жарқын әсерлер қалдырып, оларға мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын түсінуге көмектесті.

Барлық мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыстар, шабыт және ризашылықты көрермендер тілейміз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner