Халықаралық достық күніне орай ВДЦ «Смена» орталығының ұйымдастыруымен "Балалық шақтан Достық жол" атты халықаралық онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуге: ВДЦ «Орленок», ВДЦ «Океан», МДЦ «Артек»,РЦО «Солнечный берег», НДЦ «Зубрёнок» орталықтарымен қатар Балқаш қаласы «Балдәурен» РОСО-ның «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері қатысқан болатын. Кездесу барысында әр орталық бір-бірлеріне дайындаған достық жайлы сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ұйымдастырушылардың тапсырмасымен барлық орталық қатысушылары өздері таңдаған мәдениет жанры бойынша балаларға арналған орталық заңдарын шығарған болатын. Біздің балғындар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінің желісі бойынша «Қандай жағдай болмасын досынды қиындықта тастама» мазмұнымен «Қарлығаш» заңынын шығарды. Кездесу көңілді өтіп, қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner