
Республика күні – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің нышаны
25 қазан – Республика күні! Бұл мереке – егемен еліміздің мемлекеттілік жолындағы маңызды белесі. Қазақстан Республикасы осы күні өз тәуелсіздігін нығайтып, жаңа даму бағытын айқындаған болатын.
Балқаш қ. «Балдаурен» ұжымы үшін Республика күні – елге, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыратын ерекше күн.
Мекемемізде бұл атаулы мерекеге орай түрлі танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер мен қызметкерлер өз жүрекжарды тілектерін білдірді.
Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятатын, бірлік пен татулықтың символы.
Мерекемен, қымбатты отандастар!
Бірлігіміз жарасқан, болашағымыз жарқын болсын!


