«Қыран елім-Қазақстан»

1990 жылдан бастап қазанның 25-сі – Республика күні болып тағайындалды. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы жарияланған болатын. Ал 2009 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. 2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлауды ұсынды. Осы жылдың қыркүйегінде Ел Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, 25 қазан – Республика күні ұлттық, ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

          Осы орайда орталығымызда мерекені жас ұрпаққа ұлықтау мақсатында «Қыран елім-Қазақстан» атты мерекелік салтанатты концерт өткізілді. Концертте өнерпаз балаларымыз өз өнерлерін ортаға салып, мереке көркін жандандыра түсті. Балалар бұл мерекенің халқымыз үшін қаншалықты маңызы бар екендігін сезініп, өз достарын еліміздің нағыз патриот азаматы болуға шақырды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner