22.04.24. "Балдәурен" РОСО "Эколог күні" ретінде атап өтілді. Біздің орталықтың қонағы Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Шолпан Амангелдіқызы Өтебаева болды. Ол балалармен бірге Балқаш көлінің проблемасын қозғап, көлді құтқару жоспарларымен бөлісті.

 Сондай-ақ, осы күннің жоспары бойынша 5-9 сынып оқушылары арасында сенбілік және құс үйінің байқауы өтті. Барлығы белсенді қатысты, қазылар алқасының мүшесіне ең жақсы құс ұясын анықтау қиынға соқты, өйткені әр құс ұясының  дизайны ерекше болды: олар пластикалық бөтелкелерден, ағаштан, картоннан жасалған. Балалар өз жұмыстарына көптеген қиял мен күш жұмсады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner