Халқымыздың мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтың бірі- қолөнер. Қай елдің болмасын дәстүріне қарап, кешегісі мен бүгінінен сыр шертуге болады. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қолөнерді қадірлеу, оны дамыту және келер ұрпаққа насихаттау- басты міндетіміз. Бүгінде бала тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері қоғамымыздың ортақ қозғалысы болып отыр. Ұмыт бола бастаған ата-баба мұралары қазіргі таңда қолға алынып, жалпыұлтпен қайта қауышуда. Қаншама қолөнер шеберлері көз майын тауысып, оразан зор еңбекпен еліміздің тарихынан сыр шертіп керемет туындылар жасап, қазақ қолөнерін дамытып жүр.
Қазақ еліміздің қолөнерін одан ары дамытып, жаңа ұрпаққа насихаттау мақсатында орталығымызда «Шеберлінің қолы алтын!» атты 13-ауысым өз бастауын алды. Орталығымызға келген балалар зергерлік бұйымдарының жасалу жолымен, оның тарихымен танысатын болады. Осыған орай балақайларымыз: «Шеберлінің қолы алтын» танымдық кешіне, «Golden autumn» байқауына, «Бабалар өнері- балаға мұра» әдеби-сазды кешіне және «Our museum» байқауларына белсене қатысып, тың ақпараттармен бөлісіп, өз үлестерін қоса алады.