
“Жыр мұрасы – жас ұрпаққа аманат” танымдық кеші
Білім ордамызда “Жыр мұрасы – жас ұрпаққа аманат” атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды мағлұматтар мен қызықты деректер ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ақын мұрасын танытып, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыру. Кеш барысында оқушылар ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып, оның өмір жолы мен шығармашылық кезеңдері туралы мағлұмат алды.
Бағдарламаның ерекше бөлімі – балалар дайындаған театралды көрініс болды. Онда ұлы ақынның өмір жолы, шығармашылық тағдыры әсерлі түрде сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Кеш соңы әсем әндермен жалғасып, жылы әсер мен көтеріңкі көңіл-күйде қорытындыланды. Мұндай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыра түседі.


