«Жастар»-Балдәуреннің жүрегі.

«Балдәурен» - әр бала арманына айналған ерекше орын екені бәріне мәлім. Бүгін сіздерге осы ортада әр бала көңіліне ерекше әсер қалдырып жүрген Балқаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығындағы «Жастар» жайлы сыр шертетін боламыз.

Орталыққа жаңадан келген бала өзі түскен жаңа ортаға бейімделу үшін, жан-жағындағы балалармен араласуда  ұйымдастырушы-ұстаздың  алатын орны ерекше. Келген күннен бастып барлығын үйретіп, жол көрсетіп, бар жауапкершілікті мойнына алатын - ұйымдастырушы-ұстаз.

2019 жылдың маусым айының 17 жұлдызынан бастап орталық өз жұмысын бастаған. «Жастар» педагогикалық тобы жинақталып әр өңірден келген жас мамандардың басы қосылды. Сол күннен бастап орталығымызды бала күлкісіне, бақыттың ордасына толтырып, бала жүрегіне жол тауып жүрген «Жастар» педагогикалық тобының еңбегі зор. Бүгінгі таңда Жастар тобында 14 жас маман жұмыс жасайды. Құрамындағы әрбір адамның алатын орны ерекше, әрқайсысы өзінің өнерімен ерекшеленіп, бала көңілін тауып жұмыстарын атқаруда.

2019 жылдан бастап «Жастар» арасында «Үздік ұйымдастырушы-ұстаз» байқауын өткізу дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Бұл жарыста өздерін жан-жақты, өнерлі екендерін көрсетіп өздерін дамытуға үлкен мүмкіндік алады. Жыл сайын бұл жарыстың өткізілу барысы өзгеріп жас мамандардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер берілуде. «Жастар» - әрбір адам тамсанатын өнерлі, ұйымшыл, бала көңілін бірден жаулап алатын ерекше жандардан құрылған топ.

Балқаш көлі толқын соққан жағасы,

Балдәуренім, бақыт мекен қарашы.

Жалын жауһар, асыл тас жастары бар,

Шуақ шашып тұратын айналасы.

 

Биік шыңға бірге жетер ұдайы,

Қиындықты еңсереді шыдайды.

Жалын атқан жастарымен әрдайым,

Бізге бақыт шаттық нұрын сыйлайды.

 

 

Тұрсын Ақберен

Балқаш қаласы «Балдәурен» РОСО

ұйымдастырушы-ұстаз

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner