«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарының қатысуымен «Жамбыл жыры – ұлт қазынасы» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен оның үш филиалы өз өкілдері арқылы белсенді түрде қатысты.

Дөңгелек үстел барысында әр орталық Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын арнайы тақырыптарды ұсынды. Қатысушылар ақынның шығармаларына өз пікірлері мен ойларын ортаға салып, шығармашылық және мәдени мұраны бағалаудың маңыздылығын талқылады.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылыққа баулу, ой-өрісін кеңейту және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner