16-ауысымның қатысушылары өздерінің ең жақсы қырларын тағы бір мәрте көрсете білді. Бұған біз екі кезеңнен тұратын «Жаңа жұлдыздар» атты таланттар байқауы барысында көз жеткіздік.

Байқау кезінде балалар өздерінің бойындағы өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың бірі әсем әндерімен көрермендерді тәнті етсе, енді бірі би өнерімен көзге түсті. Сонымен қатар домбыра мен гитара сынды музыкалық аспаптарда шебер ойнап, өз қабілеттерін көрсеткен қатысушылар да болды.

Өнерпаздардың өнерін тәжірибелі тәлімгерлерден құралған қазылар алқасы бағалады:

  • Қабдрахимов Біржан Айдосұлы — аспаптық жанрдың тәлімгері

  • Қуатбек Ақжүніс Шолпанбайқызы — би жанрының жетекшісі

  • Мұғалимов Нұрлыбек Иманғазыұлы — вокал жанрының жетекшісі

Қазылар шешімімен байқаудың екінші кезеңіне 10 үздік қатысушы жолдама алды. Ең үздіктер алдағы  финалдық турда анықталатын болады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner