
Орталығымызда заманауи хореографияға арналған «Ырғақ әлемі» би байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шараға жеті топ қатысып, әрқайсысы өздерінің ерекше стилі мен шығармашылық көзқарасын ұсынды. Қатысушылар сахнада тек техникалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар эмоция мен образды жеткізу қабілеттерін де көрсете білді. Әр қойылым тың идеялармен, үйлесімді қимылдармен және әсерлі музыкалық сүйемелдеумен ерекшеленді.
Байқау нәтижесінде көрермендер мен қазылар алқасына ерекше әсер қалдырған 4-топ үздік деп танылды. Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, командалық рухты нығайту және әр қатысушыға өз мүмкіндіктерін ашып, өзін еркін көрсетуге жағдай жасау.


