
«Тәуелсіз ел ұландары» әскери-спорттық ойыны өткізілді.
Орталығымызда «Тәуелсіз ел ұландары» әскери-спорттық ойыны өткізілді. Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өткізілді. Қатысушылар жылдамдық, ептілік және командалық рухта бақ сынасты.
Әр кезең қызықты әрі ширақ өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Мұндай жарыстар жастардың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіріп, салауатты өмір салтын насихаттайды. Ең бастысы — бірге жеңіске жетудің қуатын көрсетеді.


