Орталығымызда ұстаздарға арналған «Тиімді қарым-қатынас – табысты ұстаздың кілті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өтті. Іс-шара барысында педагогтар заманауи білім беру үдерісіндегі қарым-қатынастың маңыздылығын талқылап, тәжірибелік тапсырмалар арқылы өз дағдыларын жетілдірді.

Тренинг аясында қатысушылар тиімді тыңдау, өз ойын анық әрі нақты жеткізу, әріптестермен және оқушылармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгерді. Практикалық жаттығулар педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Мақсаты:
Мұғалімдердің коммуникативтік дағдыларын дамыту, тиімді тыңдау, өз ойын нақты жеткізу, әріптестермен және оқушылармен сенімді әрі ашық қарым-қатынас орнату қабілеттерін жетілдіру. Осындай іс-шаралар арқылы орталығымыздың қызметкерлері бір-бірін жақынырақ танып, өзара түсіністікті нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner