
16 желтоқсан – тәуелсіздіктің таңы атқан, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы орындалған қасиетті күн. Бұл – еркіндік пен елдіктің, бірлік пен болашаққа деген сенімнің нышаны.
Тәуелсіздік – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, рухани кемел, білімді әрі отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге жол ашқан ұлы жетістік. Бүгінгі бейбіт өмір мен жарқын болашақ – ел бірлігі мен тұрақтылықтың жемісі.
Осы айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, тыныштық пен татулық тілейміз. Егемен еліміздің іргесі берік, болашағы нұрлы болсын!


