
«Жас сарбаз – ел үміті» саптық ән байқауы өтті
Ауысым барысында балалардың бойында патриоттық сезімді ояту, оларды жігерлендіру мақсатында «Жас сарбаз – ел үміті» атты саптық ән байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараға әр топ белсене қатысты. Балалар саптық жаттығулар мен әскери-патриоттық әндерді орындау арқылы өздерінің дайындық деңгейін көрсетті. Әр топ өздерінің бірліктерін, ұйымшылдығы мен тәртіптілігін нақты көрсете алды.
Байқау барысында қатысушылар ән мәтіндерін жатқа білу, саптық қимылдарды үйлестіру және әннің эмоционалдық әсерін жеткізе білу сынды өлшемдер бойынша бағаланды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Аталған шара балалардың патриоттық рухын арттырып, ұжымдастық дағдыларын дамытуға ықпал етті.


