«Сөз әлеміне саяхат» атты квиз сайысы өтті

Жаңа ауысым аясында «Сөз әлеміне саяхат» атты квиз сайысы ұйымдастырылды. Шара жас лингвистердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуына арналды.

Сайыс барысында қатысушылар ортаға шығып, өздері таңдаған тілде сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар тілдің лексикасы, грамматикасы және мәдениетке қатысты болды. Әр қатысушы өз таңдауын дәлелдеп, жауабын нақты әрі сенімді жеткізуге тырысты.

Кеш барысында қатысушылар бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, өз білімдерін салыстыруға мүмкіндік алды. Мұндай формат жас лингвистерге тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, жаңа нәрсе үйренуге де септігін тигізді.

Кеш соңында белсенді қатысқан жас лингвистер арнайы грамоталармен марапатталды. Мұндай сайыстар балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, өздеріне деген сенімділігін нығайтады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner