«Олимпия» спорттық мерекесі: екі күнге созылған дода
Орталығымызда «Олимпия» атты спорттық мерекесі өтті. Бұл шара екі күнге созылып, демалушы балаларымызға шынайы спорттық рух пен шексіз қуаныш сыйлады.
Мерекенің бірінші күні салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Түрлі түсті желбіреген жалаулар, әуенді әндер мен билер көңіл-күйді көтеріп, балаларды жарысқа деген ынта-жігерге толтырды. Ашылудан кейін топтық спорттық жарыстар басталып кетті. Әр топ өздерінің біліктілігін, ептілігін және командалық рухын көрсетуге тырысты. Эстафеталар, допты ойындар және сенімділікке негізделген командалық тапсырмалар балалардың бір-біріне деген сенімін нығайтты.
Екінші күн жекелей біріншіліктерге арналды. Әр бала өз күшін, шапшаңдығы мен шыдамдылығын жекелей сынап көрді. Қыздар мен ұлдар арасындағы жеке жарыстар қызықты әрі тартысты өтті. Көрермендер де шет қалмай, өз достарын қатты қолдап, айғайлап, шапалақтап отырды. Бұл күн әрбір қатысушының өз мүмкіндігін бағамдауына және жеке табысқа жету қуанышын сезінуіне жақсы мүмкіндік болды.
Мерекенің қорытындысы – салтанатты жабылу рәсімі. Онда жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.


