«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жүректе – Отан, жырда – Мұқағали» атты челлендж бастау алды. Бұл ауқымды шараға орталықтың барлық филиалдары қатысты. Челлендж екінші ауысым қатысушыларын қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын тереңірек танып-білуге бағыттайды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік рухын қалыптастыру және ұлттық әдебиетке деген құрметін нығайту. Қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетіп, өлеңдерін мәнерлеп оқып, әдеби-сазды композициялар мен сахналық қойылымдар ұсынады.

Мұқағали Мақатаевтың жырлары – шынайылығымен, туған жерге және елге деген шексіз сүйіспеншілігімен ерекшеленетін асыл мұра. Ақын поэзиясы әр буынның жүрегінен орын алған. Бұл челлендж жасөспірімдерге өз өнерлерін танытып, рухани дамуына серпін беретін маңызды бастама болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner