03.02.2022 жылы Балдаурен оқу-сауықтыру орталығының білім кешенінің ұстаздарының ұйымдастыруымен "Дара тұлғалар" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты-аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға Қонаевтың ерен еңбектері арқылы және күміскөмей әнші, Қазақстан әрі КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланова өмірі арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге, өнерді сүюге, бағалауға тәрбиелеу болды.Кейінгі ұрпаққа өмірлері өнегелі үлгі болған дара тұлғалар жайында молынан мәлімет берілді. Роза Бағланованың әсем әндері шырқалып, Д.А.Қонаев өмірінен видеожазбалар мен көріністер тамашаланды, тамсандырар тамаша билер де оқушылардың көңілінен шықты.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner