«Камера! Мотор!»: жеті топ, бір идея, мыңдаған эмоция

9-ауысым барысында  «Камера! Мотор!» атты видео байқауы өтті. Бұл шара балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, камера артында да, алдында да өздерін сынап көруге тамаша мүмкіндік берді.

Байқауға барлық жеті топ қатысты. Әр топ «Балдәурендегі өмір» тақырыбында өз көзқарастарын бейнеге түсірді. Балалар орталықтың олар үшін не екенін — қандай мағынасы бар екенін, не үшін ерекше екенін көрсетуге тырысты. Видеороликтер идеядан бастап монтажға дейін толығымен балалардың өз күшімен дайындалды. Олар сценарий жазды, рольдерді бөлісті, түсірілім жүргізді және өздері өңдеп, әуенмен безендірді. Әр топ өз дуниетанымын, орталыққа деген махаббатын және достыққа деген көзқарасын бейнеге салып, шынайы туындылар жасап шығарды.

Барлық жеті топтың жұмысы жоғары деңгейде болды. Көрермендер мен қазылар алқасы әр видеоны үлкен ықыласпен тамашалады. Алайда қазылардың шешімі бойынша ерекшеленген төртінші топ «Гран-При» иегері атанды. Олардың жұмысы идеяның тереңдігімен, монтаждың кәсібилігімен және әсерлілігімен көзге түсті. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner