Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ізгілік пен мейірім» челленджі атты 1-ауысымы өз мәресіне жетті. Бұл кезең балалардың патриоттық сезімін арттырумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Кезең барысында балалар әртүрлі бағыттағы белсенділікке қатысып, білімін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін дамытуға және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Топтық жобалар, интерактивті сабақтар және ойын форматындағы іс-шаралар арқылы жас қатысушылар өзара сыйластықты, жауапкершілікті, достықты және қоғамға белсенді қатысуды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Сонымен қатар, кезең барысында қатысушылардың арасындағы достық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар жобалар ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциялары, шығармашылық байқаулар, танымдық ойындар мен мәдени экскурсиялар балаларға өз білімін кеңейтіп, алған тәжірибесін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік берді. Әрбір іс-шара кезеңнің жалпы мақсатына сай, адамгершілік құндылықтардың өмірдегі маңызын толық жеткізді.

Кезең соңында балалар мен педагогтарды марапаттау рәсімі өткізіліп, нәтижелер қорытындыланды. Бұл челлендж қатысушыларға тек білім мен дамуды емес, сонымен қатар тұрақты моральдық бағдарларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды тәжірибе сыйлады. «Балдәуреннің» 2026 жылғы алғашқы ауысымы балалардың жан-жақты дамуына және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың маңыздылығын айқын көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner