
Орталығымызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік құрдастарымен бірлескен жұмыс» жобасы аясындағы алғашқы іс-шара өтті. Бұл жоба жоба қатысушылары мен орталықтың барлық бөлім қызметкерлерінің белсенді қатысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесімен бастау алды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздері дайындаған түрлі тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдарды және көпшілікке қызықты басқа да заттарды ұсынды. Жәрмеңке жылы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа толы ортада өтіп, әрбір қатысушы ортақ игі мақсатқа өз үлесін қосты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — әлеуметтік белсенділікті арттыру, орталық ішіндегі өзара серіктестікті нығайту және қайырымдылық мәдениетін дамыту. Жәрмеңке барысында жиналған барлық қаражат орталығымыздың атынан қайырымдылық қорына аударылады.
Осындай іс-шаралар қоғамда мейірімділік, бірлік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.


