
«Әл-Фараби – өнер мен ғылымның шырағы» атты көрініс байқауы
Балқш қ. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұлы ғалым, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған көрініс байқауы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, сахналық мәдениетін дамыту және Әл-Фараби мұрасын заманауи көзқараспен ұсыну болды.
Кеш барысында әр топ өз туындысы арқылы ғалымның өмірі мен еңбегін бейнелеп, оның философиялық идеяларын, өнер мен ғылымға қосқан үлесін сахнада көрсетті.
Балалар өз өнері арқылы ұлы ойшылдың даналығын дәріптеп, көрермен жүрегінен жылы ықыласқа бөленді.


