Орталығымызда «Ізгілік пен мейірім – біздің күшіміз» атты үгіт-насихат байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды адамгершілікке, жанашырлық пен өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Байқау барысында қатысушылар көрермендерге игі істердің маңыздылығын түрлі көріністер, өлеңдер мен әсерлі ойлар арқылы жеткізді. Балалар жақсылық жасау – тек айналадағы адамдарға емес, ең алдымен адамның өзіне рухани күш пен сенім беретінін ерекше атап өтті.

Үгіт-насихат байқауы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоғамда мейірімділік пен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Әрбір қойылым көрермендерге ой салып, күнделікті өмірде қарапайым болса да, пайдалы іс жасауға шақырды.

Іс-шара соңында балалардың шынайылығы мен белсенділігі жоғары бағаланып, мұндай тәрбиелік мәні зор байқаулардың алдағы уақытта да жалғасын табуы қажет екені айтылды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner