«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқушыларға арналған «Біз және қаржылық қауіпсіздік» атты экономикалық ойын өтті. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың қаржылық сауаттылығын арттырып, заманауи қауіп-қатерлерден сақтандыру.

Ойынға 6–7 сынып оқушылары қатысып, командалық форматта бірнеше тақырыптық бекеттерден өтті. Бекеттерде балалар интернеттегі алаяқтықты тану, құмар ойындардың зияны, «жеңіл табыс» ұғымының қауіптілігі және жеке деректерді қорғау жолдары туралы мағлұмат алды.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Интықбаев Нариман Рамазанович, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің майоры Мамалинов Жарқынбек Ахметрашитович, сондай-ақ Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Мағза Берлібек Балтабекұлы қатысты.

Экономикалық ойын барысында оқушылар қаржылық қауіпсіздіктің тек ақшаға емес, саналы таңдау мен жеке жауапкершілікке тікелей байланысты екенін түсінді. Қорытындысында барлық қатысушылар сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner