Балдаурендік балалар Балқаш көліне экскурсия жасады

Бүгін «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының ауысым демалушылары үшін ерекше күн болды. Балалар Балқаш қаласының басты табиғи байлығы — Балқаш көліне экскурсияға шықты. Танымдық саяхат барысында олар көлдің тарихымен, географиялық ерекшеліктерімен танысып, табиғат аясында қызықты уақыт өткізді. Көл жағасында ойындар ұйымдастырылып, суға шомылып, естелік фотолар түсірілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен оралып, бұл күнді ұзақ уақыт ұмытпайтындарын жеткізді.

       


Біздің серіктестер

banner
banner
banner