Балқаш көлі - айнадай жарқыраған айдын.

 

Балқаш көлі – Қазақстандағы ірі көлдердің біріне жатады. Көл ұзындығы – 614 шаршы метр, ені – 3,5-тен 44 шаршы метрге дейін созылған, ал тереңдігі 26 метрге дейін жетеді. Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі – оның суының түрлі минерализациясында, егер оның батыс бөлігі тұзщы су болса, шығыс бөлігі тұщы сулы. Балқаш көлі Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Көлдің солтүстігінде Қазақ соқпақтары, батысында Бекпак дала, оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм құмдары қоршап жатыр. Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көл болып саналады, көл туралы алғашқы тарихи-географиялық деректерді қытайлықтар берген. Көлдің флорасы мен фаунасы өте бай. Көлде 20-дан астам балық түрлері, 120-дан астам құс түрлері кең таралған Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.

Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады. Осыған орай бізде аңызға толы Балқаш көлің көрсетуге, орталығымыздың бүлдіршіңдерін саяхаттқа апарған болатынбыз. Оқушыларды саяхаттқа тасымалдайтын Бертіс шығанағынан жол бастадық. Саяхатқа арналған тронспарт Қайық  жоғары берік  материалдан жасалған, тұрақтылық, суға батпаушылық және катердің қауіпсіздігі мемлекеттік стандартқа сәйкес келетің су көлігі. Саяхат барысында балаларға қауіпсіздік ережелері ескертіліп, арнайы құтқару кеудешелері кигізілді. Өздеріне бейтаныс орынмен танысып, көп нәрсені көкейге түйген балалар саяхаттың маңыздылығына мән берді. Бұл үлкен және әсерлі саяхат оларға өтте қатты ұнады. Балқаш көлінің сұлулығымен және тарихымен танысқан ауысым демалушыларына бүл үлкен естелік болып қалды…


Біздің серіктестер

banner
banner
banner