«Baldauren QUIZ» зияткерлік ойыны өтті.
Бұл сайыс алты кезеңнен тұрды және оған жеті топ белсенді қатысты.
Ойын барысында әр топ өз білімін, логикалық ойлау қабілетін және шапшаң шешім қабылдау дағдысын сынады. Алты кезеңнің әрқайсысы өзінше ерекше болды: кейбір сұрақтар жалпы білімді талап етсе, енді бірі шынайы логикалық тізбектер мен себеп-салдар байланысын айқындауға арналды. Кезең сайын қиындық деңгейі артып, топтардан тек білім ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен бірлесе ойлау қабілеті де талап етілді.
Жеті топтың әрқайсысы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің көкжиегінің кеңдігін көрсетті. Ойын барысында көрсеткіштер арасындағы айырмашылық аз болды, себебі әр топ лайықты дайындықпен келген болатын. Бірақ сайыс сайыс – жеңімпаздар анықталды. Ең бастысы, балалар бұл ойында жаңа ақпараттармен толықты, бір-бірін тыңдауға және пікірталас жүргізуге үйренді.
«Baldauren QUIZ» – бұл тек сұрақ-жауап емес, бұл ойын арқылы білім алу, ой-өрісті кеңейту және зияткерлік жарыстың қызығына толы сәттер еді.


