
Жаңа жыл – әр баланың арманы мен қуанышқа толы ерекше мерекесі. Осы сәтті атап өту үшін орталығымызда «Балдәурендегі Жаңа жылдық шырша» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кеш барысында балалар әртүрлі қойылымдар мен музыкалық нөмірлерді тамашалап, ән мен би өнеріне қатысты. Аяз ата келіп, қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында барлық балалар бірге би билеп, мерекелік көңіл-күйді толықтырды.


