8-ауысымның салтанатты жабылуы

 8-ауысымның ресми жабылу рәсімі өтті. Бұл күн барлық қатысушылар үшін ерекше маңызды болды, себебі ауысым бойы жиналған тәжірибе, достық және жетістіктер осы салтанатты кеште өз қорытындысын тапты.

Кештің басында ауысым барысында өткен барлық іс-шаралар, жарыстар мен ойындарға шолу жасалды. Әр топтың белсенділігі, жеңістері және ерекше жетістіктері аталып өтті. Балалардың осы уақыт ішінде қаншалықты жаңа достар тауып, өз қабілеттерін ашып, жаңа біліктерін шыңдағаны туралы айтылды.

Салтанатты жиында үздік қатысушылар мен топтар марапатталды. Оларға дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Алайда марапат тек жеңімпаздарға ғана емес, сонымен бірге өзін ерекше көрсеткен, талпыныс танытқан әрбір балаға берілді. Өйткені «Балдәурен» – бұл тек бәсекелестік емес, бұл тұлғалық өсу мен бір-бірін қолдаудың орталығы.

Кештің соңында тәрбиешілер мен ұйымдастырушылар жылы лебіздерін білдіріп, балаларға алдағы уақытта сәттілік тіледі. Өз кезегінде балалар да осы күндер үшін ризашылықтарын білдіріп, есте қаларлық концерттік нөмірлерін ұсынды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner