Балдәурендіктер әскери бөлімде!

Бүгін Балдәурендіктер ауысым тақырыбына сай ерекше саяхат жасап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің “53898 әскери бөліміне” барып қайтты. 

Балалар әскери өмірдің қыр-сырымен танысып, заманауи қару-жарақтарды өз көздерімен көрді. ✈️ Ұшақтардың көкке самғап, жерге қону сәті ерекше әсер қалдырды.

Бұл сапар олардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери қызметке деген қызығушылықтарын оятты. 

Естен кетпес әсер мен жаңа білімге толы күн үшін әскери бөлім қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!

 

             


Біздің серіктестер

banner
banner
banner