
«Ecotime» республикалық эко-фестивалі атты 5-ауысымның салтанатты жабылуы өтті.
Ауысым барысында балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығын терең түсінді. Күнделікті сабақтар мен практикалық тапсырмалар арқылы олар экологиялық мәдениеттің негіздерін меңгерді.
Іс-шара кезінде ауысым барысында ерекше көзге түскен балалар марапатталды. Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Кеш барысында әсерлі би көрсетіліп, әсем әндер шырқалды. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осындай көңілді нотада 5-ауысым тәмамдалды.


