
«SmartFuture» IT, инновация және жасанды интеллект әлеміндегі жас таланттар слеті атты 4-ауысымның ресми жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шара өте жарқын әрі әсерлі форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Кеш барысында балалар ауысым кезінде өткен маңызды оқиғаларды еске алып, өз жетістіктері мен әсерлерімен бөлісті. Әрбір қатысушы үшін бұл кезең жаңа білім мен тәжірибе алаңы болды. Сонымен қатар, түрлі байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен балалар арнайы марапатталып, грамоталармен марапатталды.
Жабылу салтанаты достық, бірлік және қуаныш атмосферасында өтті. Бұл кеш балалар үшін тек қорытынды шара ғана емес, сонымен қатар ұмытылмас естеліктерге толы ерекше сәтке айналды.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, командалық рухты нығайту және әр қатысушыға өз мүмкіндіктерін ашып, өзін еркін көрсетуге жағдай жасау.


