«Патриот болу – мәртебе» атты Қазақстандық жас патриоттар академиясының 10 жылдығына арналған 2-ауысымның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған іс-шара жастар арасында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдық белсенділікті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, академия жас патриоттарға командалық жұмыс, көшбасшылық және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Рәсім барысында әскери-патриоттық қозғалыстардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға шабыт берді. Алдағы уақытта балалар мен жастарды мазмұнды, тәрбиелік және қызықты іс-шаралар күтуде. Академия ұйымдастырушылары патриоттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner