"Smart Baldauren" жас өнертапқыштар слеті атты 15-аусым салтанатты түрде ашылды

Бүгін Балқаш қ. "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында ерекше рух пен жаңа бастамаларға толы күн өтті. Жаңа технологияларға қызығатын, техника мен цифрлық жаңалықтарды меңгеруге құштар оқушылар көптен күткен "Smart Baldauren" атты 15-аусымның ашылуына жиналды.

Салтанатты рәсім барысында балаларды құттықтаған тәлімгерлер мен ұйымдастырушылар бұл маусымның мақсаты – жас буынды жаңашылдыққа жетелеп, олардың ойлау қабілетін дамытып, нақты жобалар жасауға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Жиналған оқушылар жаңа ортаға еніп, өз қызығушылықтарын бөлісіп, алдағы күндерге үлкен қуанышпен қадам басты.

Алдағы күндері қатысушыларды робототехника, инженерлік жобалау, цифрлық бағдарламалау, ғылым мен техникаға бағытталған шеберлік сабақтары күтеді. Әрбір бала өз идеясын жүзеге асырып, маусым соңында нәтижесін көпшілікке ұсынуға мүмкіндік алады.

"Smart Baldauren" аусымы жас өнертапқыштардың болашаққа батыл қадам жасап, өз қабілетін ашуына жол ашады деп сенеміз. Барлық қатысушыларға шабыт, жаңа мүмкіндіктер және жарқын жетістіктер тілейміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner