«Алтын сақа: сандар әлеміндегі сайыс» атты 14-ауысымның салтанатты ашылуы өтті. Ауысымның негізгі мақсаты — балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сахна мәдениеті мен көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ командалық рухты нығайту.

Іс-шара заманауи бимен ашылып, көрермендер назарына ЖИ көмегімен жасалған Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесі ұсынылды. Ұлы ойшыл өз сөзінде білімге құштарлық пен математиканың адамзат дамуындағы рөліне тоқталды.

Сахналық қойылым барысында оқушылар мен ұстаз математиканың күнделікті тұрмыстағы қажеттілігін нақты мысалдармен дәлелдеді: іс-шараны жоспарлау, шығындарды есептеу, уақытты тиімді бөлу. Сонымен қатар бес оқушы «МАТЕМАТИКА» сөзінің әр әрпін ашып, өз бойындағы қасиеттерін таныстырды.

Салтанатты сәтте «Балдәурен» филиалының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дархан Имеджанов ауысымды ашық деп жариялап, ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалды. Сон,дай-ақ ауысымның Президенті анықталып, ант қабылданды.

Жас математиктерді біріктірген бұл ауысым алдағы күндерде балаларға жаңа білім мен қуанышты сәттер сыйламақ. Ұйымдастырушылар барша қатысушыға сәттілік тілеп, алда — жаңа белестер мен жарқын жеңістер екенін атап өтті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner