
«Балдәурендегі» 12-ауысым өз мәресіне жетті
«Лингвинияға саяхат» жас полиглоттардың республикалық фестивалі атты 12-ауысым да аяқталды. Үш апта судай ағып өте шықты.
Балалар бұл уақытта көп нәрсеге үлгерді: тілдік сайыстарға қатысты, квиздер ойнады, кештерге нөмір дайындады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесті. Біреулер сахнаға алғаш шықса, енді біреулер басқа өңірден келген достар тапты. Тағы біреулері шет тілінде сөйлеуден қорықпайтын болды.
Жабылу рәсімінде қорытынды жасалды. Ерекше көзге түскен балалар грамота мен диплом алды.
Кеш балалардың өздері дайындаған концертпен аяқталды.


