«Балдәурен» орталығында әрбір бала өз қабілетін дамытып, шығармашылық мүмкіндіктерін жаңа қырынан таныта алады. Мұнда балалар өнерін еркін көрсетіп, оны жүйелі түрде жетілдіруге жағдай жасалған.

Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында орталығымызда «Өнердің өрісі» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар аспапта ойнау, ән айту, би, сурет салу, поэзия және көңілді тапқырлар сайысы бойынша өз өнерлерін ұсынды. Әр қатысушы жоғары дайындық деңгейін, даралығын және өнерге деген ықыласын көрсетті. Мұндай шаралар балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner