
Биыл Жас патриоттар академиясының құрылғанына 10 жыл толды. Осы атаулы мерейтойға орай «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Балқаш қаласындағы филиалында Қазақстандық Жас патриоттар академиясының 10 жылдығына арналған «Ұлт болашағы – жастардың қолында» атты мерейтойлық форум өтті.
Форум облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздарының қатысуымен басталды. Қатысушылар тіркеуден өткеннен кейін форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Патриоттар аманаты» атты болашаққа хат жазу рәсімі ұйымдастырылды.
Орталық алаңда қатысушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуы мақсатында «Ұлттық құндылықтар және командалық жұмыс» тақырыбында тимбилдинг өткізілді. Танысу кезеңінен кейін форум қатысушыларының топтық бірлігін нығайтуға бағытталған «Жас Патриоттар Академиясының алдағы жылға жоспарын нақтылау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай жас патриоттармен арнайы медиа-контент әзірлеу сәті өтті. Күн жас патриоттардың TEDx форматындағы мазмұнды баяндамаларымен жалғасты.
Кеш соңында «Патриот болу – мәртебе!» атты Қазақстандық Жас патриоттар академиясының 10 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертпен қорытындыланды.


