Дебат турнирі  

 Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту мақсатында  ақпан айының 10 күні 8-9 сыныптар арасында «Адам өз елінің патриоты болға міндетті пе?» тақырыбында дебат турнир өтті. Дебатқа 2 фракция қатысты.  Турнирде "Қыран" мен "Тұлпар" фракциялары тіл, туған жер,тарихқа байланысты өрбіген тұщымды ой-пікірлерін білдіріп ұсыныстарын жеткізді.Ойын барысында оза шапқандар айқындалып, нәтижесінде, «Ең үздік фракция» «Қыран» тобы  танылса, «Ең білімді ойыншы» 8 сынып оқушысы Игезекова Айбибі, «Ең үздік спикер» 8-сынып оқушысы Серік Арайлым, «Үздік бас төреші»  9-сынып оқушысы Талғатқызы Меруерт анықталды. «Тұлпар»фракциясы алғыс хатпен марапатталды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner