
Орталығымызда балалардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Балалардың ойлау дағдыларын дамыту, білімге деген қызығушылығын күшейту мақсатында түрлі интеллектуалдық ойындар мен білім сайыстары өткізіледі.
Солардың қатарында ерекше форматта ұйымдастырылған «Человек против мозга» ойыны бар. Бұл шара барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, логикалық тапсырмаларды орындап, ой ұшқырлығын талап ететін сұрақтарға жауап берді. Ойын балалардың тез шешім қабылдау, өз пікірін дәлелдеу және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысқан әрбір бала өз білімін көрсетіп қана қоймай, білім мен табандылықтың үлкен жетістіктерге жетелейтінін түсінді. Мұндай ойындар балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, олардың болашақтағы оқу жетістіктеріне оң әсер етеді.


