«Человек против AI» зияткерлік ойыны өтті. Ойынға екі топ қатысып, бақ сынасты. Әр топтан төрт қатысушы жеке сұрақтарға жауап беріп, білім мен жылдамдықты ортаға салды.

Қатысушыларға әртүрлі салалардан сұрақтар қойылды. Ойын барысында әр ойыншы өзінің білім деңгейін, шешім қабылдау жылдамдығын және командамен үйлесімді жұмыс істей білу қабілетін көрсетті. Екі топ та өзара мықымен бәсекелесіп, финалға жолдама үшін бақ сынасты.

Финалға «Знайки MAX» тобы шықты. Олар жасанды интеллектпен тікелей бақ сынасып, өз білімдері мен тапқырлықтарын дәлелдеді. Финалдық кезең ерекше қызығушылықпен өтіп, қатысушылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.

Нәтижесінде «Знайки MAX» тобы жеңімпаз атанып, кубок иеленді. Жеңіс кубогы салтанатты түрде табысталды.

Бұл ойын жас таланттардың интеллектуалдық әлеуетін және адамның ойлау қабілетінің технологиямен қатар өркендей алатынын көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner