2022 жылғы 1-3 желтоқсанда арнайы педагогтар үшін «Педагог-дефектологтың кәсіби қызметінің негізгі аспектілері» Республикалық тәжірибеге бағытталған семинар

 

 

 

 

2022 жылға арналған операциялық жоспарға сәйкес «Балдәурен «Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2022 жылғы 1-3 желтоқсанда арнайы педагогтар үшін «Педагог-дефектологтың кәсіби қызметінің негізгі аспектілері» Республикалық тәжірибеге бағытталған семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты: дефектология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңын құру.

Семинардың міндеттері:

  • дефектолог-мұғалімдердің кәсіби және жеке өсуін арттыруды қолдау;
  • жеке және кәсіби тәжірибе алмасу алаңын құру;
  • педагог-дефектологтың психологиялық-педагогикалық мамандарының сүйемелдеуімен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Біздің орталықтан  дефектолог маман Югай Ольга Владиславовна қатысып өз тәжірибесімен бөлісті. Семинардың пленарлық отырысында "Барлық балалар ерекше: "Баладаурен" РОСО дефектологының жұмысы" тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ №3 "практикалық дефектология" секциясының спикері болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner