Осы ұран аясында «Олимпия» спорттық іс-шарасы сәтті өтті. Барлық жеті топ командалық сындарға қатысып, өзара бақ сынасты.

Бағдарлама аясында үш негізгі командалық сайыс ұйымдастырылды: көпсайыс, арқан тартыс және эстафета. Әрбір сын жылдамдықты, күш пен үйлесімділікті талап етті. Эстафетада жеңіске жеткен 7, 3 және 2 топ басқалардан озық тұрғанын көрсетті.

Сонымен қатар, қатысушылар жекелей сындарда да өз дайындық деңгейін паш етті. Спортшылар шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жүзу бойынша өнер көрсетті. Бұл жеке пәрменділік пен стратегиялық ойлауды қажет ететін сындар болды.

Іс-шара барлық қатысушылардың жоғары белсенділігі мен спорттық рухының арқасында ұйымдасқан түрде өтті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner