Ұстаз – балаға білім беріп қана қоймай, оның өмірлік ұстанымын қалыптастырып, тұлға ретінде дамуына ықпал ететін маңызды мамандық иесі. Осы себепті орталығымызда мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне бағытталған коучингтер мен семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Осындай іс-шаралардың бірі – математика және физика пәнінің мұғалімі Куземханова Раушан Орымбековна әріптестеріне арнап «Белсенді оқуға бағыттау» тақырыбында өткізген коучингі.

Коучинг барысында ұстаздарға оқушылардың ақпаратты тез әрі тиімді қабылдауына ықпал ететін заманауи тәсілдер көрсетілді. Сонымен қатар, сабақ үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттыру және олардың белсенділігін көтеру жолдары ұсынылды.

Мұндай тәжірибе алмасу алаңдары педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, оқу үдерісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да орталығымызда ұстаздардың дамуына бағытталған мазмұнды шаралар өз жалғасын табады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner