Балдәурендік жас патриоттар 53898 әскери бөлімінде болды 

 Балдәурендік жас патриоттар Балхаш қаласында орналасқан №53898 әскери бөліміне танымдық экскурсиямен барды. Бұл бөлім — Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің авиациялық бөлімшесі, 1938 жылдан бері Отан қорғанысының сенімді тірегі саналады.

Экскурсия барысында жас патриоттар әскери авиация техникасымен танысып, ұшақтар мен тікұшақтарды көріп, әскери қызметшілердің күнделікті өмірі мен дайындығын бақылады. Балалар нағыз әскери мамандардың қалай жұмыс істейтінін, техниканы қалай күтіп ұстайтынын өз көздерімен көрді.

Мұндай кездесулер бала бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятады, патриотизмге тәрбиелейді және болашақ мамандық таңдауға бағыт сілтейді. Кім біледі, бәлкім, дәл осы балдәурендік жас патриоттардың бірі ертең Қазақстан аспанын күзететін батыр ұшқыш атанса керек


Біздің серіктестер

banner
banner
banner