Қонаев қаласындағы «Балдаурен»  Республикалық оқу-сауықтыру орталығында маусым айының 19-26 күндері аралығында  «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен семинар-коучинг өтті. Тренингті «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасылар мектебінің негізін қалаушы,  әйгілі педагог Шалва Александрович Амонашвилидің шәкірті, гумандық педагог оқытушысы  Асхат Абжанов өткізді. Аталған тренинг бағдарламасы  өскелең ұрпақ бойындағы көшбасшылық дағдыларды, қарым-қатынас дағдыларын, мақсат қоя білуді, шешендік шеберліктерді дамытуға негізделген. Семинарға «Балдаурен» РОСО –ның 4 орталығының педагогтары мен психологтары және ұйымдастырушы-ұстаздары қатысты.  Соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner